Ссылки доступа

Трамп қытай экспортына баж салығын кейінге қалдырды


Контейнеровозы с китайскими экспортными товарами в порту Циндао
Контейнеровозы с китайскими экспортными товарами в порту Циндао

Сейсенбі күні АҚШ президенті Дональд Трамптың қытай тауарларына импорт салығын енгізуді кейінге шегеру туралы мәлімдемесінен соң Уолл-стриттегі акциялар бағамы жоғарылады. Америка қаржы нарығындағы компаниялардың сексен пайызының акциясы көтерілген.

Тамыз айының басында нарық индекстері екі апта бұрынғы көрсеткіштен он пайызға түсіп кеткен еді. Бұған Трамп әкімшілігінің Қытай өз валютасымен манипуляция жасап отыр деп жариялауы түрткі болды.

Сарапшылар импорт салығы салынатын тауарлар тізімінде ауыл шаруашылығы мен индустрия өнеркәсібінің өнімдері барын айтқан.

Қаржы нарығына Вашингтон мен Бейжің арасында сауда соғысы болғаны ұнамайтынын білген Трамп сауда саясатын өзгертті деп есептейді экономистер.

Өткен жылы Трамп әкімшілігі бірқатар қытай тауарларына 10 пайыздық салық енгізген. Тауарлар тізіміне тұтынушылық емес, негізінен кәсіпорындар сататын өнімдер енген. Көктемде Трамп әкімшілігі бұл тарифтерді 25 пайызға көтерді, одан соң тағы 10 пайызға көтерілуі мүмкін екендігін ескертті. Жаңа 10 пайыздық салық 1 қыркүйекте күшіне енуі керек болған, бірақ Трамп оны желтоқсанның ортасына дейін шегерді.

XS
SM
MD
LG