Ссылки доступа

Қырғызстан ІІМ басшысының бұрынғы орынбасарына жарлыққа мойынсұнбау айыбымен іс қозғалды


Курсан Асанов
Курсан Асанов

Қырғызстанның бас прокуратурасы 14 тамызда ішкі істер министрінің бұрынғы орынбасары Курсан Асановқа іс қозғады. Ол 7-8 тамызда бұрынғы президент Алмазбек Атамбаев резиденциясына шабуылды басқарып, экс-президентті берілуге мәжбүрлеген еді.

Іс қозғалардан бұрын Асанов "қырғыз милициясының мүддесін сатты" деген қатаң шарамен қызметтен алынған.

Прокуратура өкілінің мәлімдеуінше, "қызмет бабын асыра пайдалану" бабы бойынша істі Асановтың арнайы операция кезінде ІІМ басшысы Кашкар Жунушалиев бұйрығын орындамағаны, өз еркімен шешім қабылдағаны, операция кезінде жасақты басшысыз қалдырғаны, сол арқылы ішкі істер органдары қызметкерлеріне қауіпті жағдай туғызғаны үшін қозғалды.

БАҚ мәліметі бойынша, прокуратура Асановтың Атамбаев жақтастарына қызмет мәліметін беруі мүмкін деген ақпаратты тексеріп жатыр.

"Моих ребят не трогайте!" Атамбаев сдается после штурма его резиденции
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:03:58 0:00

"8 тамызда ІІМ басшысы Кашкар Жунушалиев Атамбаев пен оның жақтастары өз еркімен берілетіні туралы келісіп қойған соң, өз мүддесін күйттеген Курсан Асанов тікелей міндетін бұзып, Атамбаевтың үйіне келіссөз жүргізу үшін кірген", - деп түсіндірді ІІМ баспасөз қызметі.

"Асанов өзін жарнамалауды жөн көріп, милиция қызметкерлеріне бұл оқиғаларды телефондарына түсіруді тапсырған" делінген ІІМ мәлімдемесінде.

Асанов Кой-Ташта "қызмет міндетін орындағанын", "отан алдында адал екенін" мәлімдеген.

7-8 тамызда Кой-Таш ауылында құқық қорғау органдарының күштері Атамбаев резиденциясына шабуылдады. Бұның алдында экс-президентті үш мәрте тергеу шақырған. Екінші шабуыл кезінде Атамбаев ұсталды. Бірақ президент жақтастары мен күш құрылымдары өкілдері арасындағы қақтығыста арнайы жасақ қызметкері қаза тапты, жүзден астам адам жараланды.

"Вооруженным во всем здании был один я": интервью Атамбаева утром после штурма
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:39 0:00

13 тамызда Атамбаевқа Кой-Таштағы жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды, тергеуге қарсылық көрсетті, заңсыз қару қолданды, адампарды кепілге алды, кісі өлтірді және кісі өлтіруге оқталды деген айыптар тағылды. Сот Атамбаевты кем дегенде 26 тамызға дейін тергеу абақтысында ұстау туралы шешім шығарды.

XS
SM
MD
LG