Ссылки доступа

Қаза тапқан түркімен сарбазының отбасына азық-түлік жіберілген


Түркіменстанның қарулы күштерінің қатарында қызмет етіп жүріп ажал құшқан сарбаздың отбасына азық-түліктен көмек берілген.

Азаттықтың түркімен қызметінің тілшісі хабарлағандай, марқұм Сулейман Оразовтың отбасына қырық күндігін өткізу үшін бір қой, 50 келі күріш, бір қап алма, 20 литр сұйық май берілген. Жәрдемді марқұм қызмет еткен Серхетабадтағы №2108 әскери бөлімше көрсеткен.

19 жастағы Сулейман Оразов биыл шілде айында қаза тапты. Күштік құрылым басшылығы оның уланып қайтыс болғанын хабарлаған.

Түркімен билігі марқұмның отбасына 20 мың манат көлемінде жәрдем беріледі деп уәде еткен. Бірақ отбасы әлі ақшалай жәрдем алмаған.

Түркіменстан заңдарына сәйкес, әскери қызметкер міндетін атқару барысында ажал құшса, отбасына бір жылдық айлығынан он есе жоғары көлемде жәрдемақы көрсетілуі тиіс.

Марқұмның туыстары оның уланып мерт болғанына сенбейді. Ол қызмет еткен №2108 әскери бөлімше Ауғанстанмен шекарада орналасқан. Бірнеше жылдан бері Азаттықтың түркімен қызметі сенімді дереккөздері арқылы ол жақта жиі атыс болатынын хабарлап келген.

XS
SM
MD
LG