Ссылки доступа

Қытай Тәжікстаннан кептірілген жемістерді импорттауды көздеп отыр


Тәжікстан таяуда Қытайға кептірілген жемістерді экспорттауды бастайды.

Тәжікстанның сауда-өндіріс палатасының төрағасы Жамшед Джумахонзода BEIJING EXPO -2019 жәрмеңкесі кезінде елдің кептірілген жемістерін Қытайға экспорттау жөнінде келісімге келгенін жеткізді.

Бірақ мамандар аспанасты елін тәжік жемістерімен бағындыру әзірге оңғайға соқпайтынын айтып отыр. Себебі елде кептірілген жемістер әлі халықаралық талаптарға сәйкес технология бойынша өндірілмейді. ​

Тәжікстан жеміс-жидегін экспорттауда негізгі әріптестері Ресей мен Қазақстан. Тәжікстан ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, 2019 жылдың алғашқы тоқсанының қорытындысы бойынша, Ресейге ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау өткен жылмен салыстырғанда 34,8 процентке өскен.

Былтыр Тәжікстанда 212 мың тонна көкөніс, 447,7 мың тонна жеміс-жидек өндірілген.

2015 жылы Қырғызстан Еуразиялық экономикалық одаққа кіргелі бері тәжіктің кептірілген жемістерінің контрабандасы өскен.

Сарапшылар егер Қытайға жемістерді экспорттауды бастасақ, контрабанда азаяды деп отыр.

XS
SM
MD
LG