Ссылки доступа

Израиль АҚШ Конгрессінің екі мұсылман мүшесіне еліне келуге тыйым салды


Ильхан Омар (сол жақа) және Рашид Тлаиб
Ильхан Омар (сол жақа) және Рашид Тлаиб

Израиль АҚШ Өкілдер палатасының екі мүшесі, демократтар Рашид Тлаиб пен Ильхан Омарды еліне жібермеу жөнінде шешім шығарды. Екеуі де Конгресске мүше болған алғашқы мұсылман әйелдер.

Тлаиб пен Омар АҚШ президенті Дональд Трамп пен Израильдің Палестинаға қатысты саясатын сынаушы ретінде танымал.

Трамп твиттерге егер Израиль Тлаиб пен Омарды қабылдайтын болса, әлсіздік танытқандары деп жазған.

Конгресстегі демократтар лидері Нэнси Пелоси Израиль билігінің шешіміне ренжулі екенін жеткізді. Сенаттағы демократтар өкілі Чак Шумер болса, Израиль үкіметін шешімді қайта қарауға шақырды. Тлаиб Израиль шешімін әлсіздік деп атады. Бірақ ол болашақта бәрібір Израильге баруға мүмкіндік туатынын жеткізді.

Шілде айында Израильдің АҚШ-тағы елшісі Рон Дермер Тлаиб пен Омарға Америка-Израиль қарым қатынасы үшін еліне баруға рұқсат етілетінін мәлімдеген.

Бірқатар БАҚ-тың хабарлауынша, Конгресс мүшелері Израильге сапары барысында Әл-Акса мешітіне баруды жоспарлаған. Мешіт Израиль бақылауына алған Иерусалим жерінде орналасқан. БҰҰ Израиль аталған жерді басып алды деп санайды.

Тлаиб - Мичиган штатында дүниеге келген палестиндік. Омар болса бала кезінде отбасымен Сомалиден АҚШ-қа көшкен.

XS
SM
MD
LG