Ссылки доступа

Өзбекстанда милиция ғимаратын жөндеуге демеуші таппаған инспектор жұмыссыз қалды


Фуркат Курбанов (первый справа) во время работы инспектором профилактики в Бухаре.

Өзбекстанның ішкі істер органдары жүйесінбе алты жыл жұмыс істеген 31 жастағы бұрынғы инспектор Фуркат Курбанов милиця бөлімінің ғимаратын жөндеуге демеуші таппағаны үшін маусым айында жұмыстан шығарылған.

Фуркат Курбановтың айтуынша, Бұхара аудандық ішкі істер бөлімінің ғимараты 2018 жылдың тамыз-қазан айларында ғана жөндеуден өткен.

Милицияның бұрынғы лейтенанты Курбановтың сөзінше, сол кезде ғимарат толығымен демеушілердің қаражатымен жөнделген.

"AKFA фирмасының пластик есік-терезелерін өзіміз орнаттық. Олардың әрқайсысын 850 мың сумға (шамамен 100 доллар) сатып алдық. Милиция ғимараты маңындағы цифрлық таблоны 2 миллион сумға (220 доллар) орнаттық. Мемлекет бұған бір тиын бөлген жоқ", – деді Фуркат Курбанов.

Демеуші іздеумен қатардағы милиция қызметкерлері айналысқан.

"Мысалы, жекеменшік фирмада құрылыс немесе жөндеу жүріп жатса, біз олардан цемент немесе кірпіш сұраймыз. Одан соң шаруа қожалықтарының басшылары мен кәсіпкерлерге қолқа салдық. Материалдарды құрылыс дүкендерінен қарызға алдық, оны кейін өз қалтамыздан төледік", - деді Курбанов.

Биыл ол демеуші іздеуден бас тартқан, сол үшін жұмыстан қуылған. "Мен басшылыққа бұл іспен енді айналыспайтынымды айттым. Сосын олар мені жұмыстан шығаруға ілік іздей бастады. Ақыр соңында кәсіби дайындығы аз деген желеумен жұмыстан шығарды", - деді бұрынғы инспектор.

Бұхара аудандық ішкі істер бөлімінің өкілі Азима Халикова жөндеу жұмыстарының бір бөлігі демеушілер қаражатымен жүзеге асқанын мойындады. Бірақ ол инспекторларды демеуші іздеуге ешкім мәжбүрлемеді деп отыр. "Фуркат жұмыстан шығып қалғанына ашуланып, артық айтып жіберсе керек. Біз ешкімді демеуші іздеуге мәжбүрлемедік. Демеушілер көмектессе де, олар бұны өз еркімен жасады", - деді милиция бөлімінің өкілі.

XS
SM
MD
LG