Ссылки доступа

Түркіменстанда азық-түлік тағы қымбаттады


Ашхабад, Июль, 2019
Ашхабад, Июль, 2019

Азаттық радиосы түркімен қызметінің хабарлауынша, Ашғабадта азық-түлік бағасы тағы көтерілген, ал мемлекеттік дүкендерде жұмыртқа мен сәбіз сатылмай жатыр.

Базарда аталған тауарлар қымбат бағамен сатылып жатыр. "Сәбіз жоқ, ал коммерциялық дүкендерде оның бір келісі 6,6 манат тұрады. Мемлекеттік дүкендерде жұмыртқа жоқ, базарда оның бір данасы 0,8 манат тұрады", - деп хабарлады тілші.

Бірнеше күн бұрын базарда сәбіздің бір келісі 3 манаттан сатылған еді. (доллардың манатқа қатысты ресми бағамы - 1:3,5)

Түркіменстанның мемлекеттік дүкендерінде сұранысқа ие азық-түліктер белгіленген бағамен сатылады, ал базарлар мен коммерциялық дүкендерде олар бірнеше есе қымбат тұрады.

Тілшінің хабарлауынша, мемлекеттік дүкендерде тауық санын табу қиындап кетті, сол себепті базарда оның бағасы 20 пайызға қымбаттаған.

XS
SM
MD
LG