Ссылки доступа

Мәскеу полициясы базардағы тәжіктер мен өзбектерді жаппай ұстаған


Полицейские устроили облаву на таджикских мигрантов на Москворецком рынке
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:13 0:00

Ресей астанасындағы Москворецк базарында жұмыс істейтін тәжік және өзбек мигранттары он күннен бері қала полициясының қысымына ұшырады.

Мәскеу полициясы базардағы күнделікті рейдке қатысты мәлімет таратпады, бірақ ішкі істер органдарындағы кейбір қызметкерлердің айтуынша, базарда заңсыз мигранттарды ұстау жүріп жатыр.

Москворецк базары 1965 жылы салынған. Мұнда құрылыс материалдары ғана емес, азық-түлік те сатылады. Тәжікстан мен Өзбекстанның жүздеген мигранты мұнда сатушы, жүк тасушы және тазалаушы болып істейді.

Мигранттар полиция қызметкерлері негізінен тәжіктер мен өзбектерді ұстап жатқанын айтты. Полиция күш қолдануға дейін барады, мигранттарды полиция автобусына лақтырып жібереді, кейбіреулерін базарда көпшіліктің көзінде ұрды деп шағымданды еңбек мигранттары.

Олардың айтуынша, мигранттарды ұстау кезінде бірнеше адам қатты жараланған. Ұсталған мигранттардың көбісінің тағдыры белгісіз. Бірқатарын Сахароводағы миграция орталығына жіберсе, тағы бірнешеу депортацияланған.

Ресми мәлімет бойынша, Ресейде бір миллионнан астам тәжікстандық еңбек миграциясында жүр. Тәжік мигранттарының дені сауда және құрылыс салалаларында жұмыс істейді.

XS
SM
MD
LG