Ссылки доступа

БАҚ: Трамп Даниядан Гренландияны сатып алғысы келеді


Гренландия, поселок Инаарсуит
Гренландия, поселок Инаарсуит

АҚШ президенті Дональд Трамп кеңесшілерімен Гренландияны сатып алу мүмкіндігін бірнеше мәрте талқылаған. Бұл туралы The Wall Street Journal газеті Ақ үйдегі дереккөзіне сілтеме жасап хабарлады.

Гренландия - Данияның автономды облысы. Арал аумағы дат корольдігінен шамамен елу есе үлкен болса да, мұнда 56 мың ғана адам тұрады.

The Wall Street Journal дереккөзінің айтуынша, ресми кездесулерде және жақтастарының ортасында Трамп кеңесшілерінен АҚШ-тың Гренландияны сатып алуы мүмкін бе деп сұраған. Ол кеңесшілерінің жауабын қызығушылықпен тыңдаған. Бұған қоса президент Ақ үй заңгерлерінен мұндай келісімнің құқықтық аспектілерін зерттеуді тапсырған.

Қыркүйектің басында Трамп ресми сапармен Данияға барады, бірақ Гренландияны талқылау күн тәртібінде жоқ деп хабарлады The Wall Street Journal.

Копенгаген автономды аумақты жылына 591 млн долларға қаржыландыруға қиналған тұста, Трамптың Гренландияға деген қызығушылығы оянған деп жазды газет.

Гренландияны сатып алу идеясы бұрын да айтылған. 1867 жылы АҚШ Ресейден Алясканы сатып алған уақытта, Мемлекеттік департамент Гренландия мен Исландия да алу мүмкіндігін қарастырған. Бірақ келісім жасалмаған. Екінші дүниежүзілік соғыстан соң, президент Гарри Труман Данияға арал үшін 100 миллион доллар ұсынған. Копенгаген одан бас тартқан. Дегенмен Гренландияда АҚШ әскери әуе күштерінің ең солтүстіктегі базасы орналасқан.

XS
SM
MD
LG