Ссылки доступа

Алмазбек Атамбаевты 26 тамызға дейін абақтыда қалдырды


Бішкек қалалық соты бұрынғы президент Алмазбек Атамбаевқа бұлтартпас шарасын қолдануға қатысты шешімді күшінде қалдырды. Бұл туралы журналистерге адвокат Сергей Слесарев хабарлады.

Сот шешімімен Атамбаев 26 тамызға дейін қамауда болады. "Сот отырысы болды. Бішкек қалалық соты шешімді күшінде қалдырып, бұған дейінгі инстанция секілді көптеген заңды бұзды", - деді Слесарев.

16 тамызда Алмазбек Атамбаевқа бұлтартпас шарасын қолдану туралы шешімді қалалық сот арнайы қызмет ғимаратында қарайтыны белгілі болған.

Бұрынғы президенттің ұлы Кадыр Атамбаев "ҰҚМК ғимаратындағы жабық сот - қорқақтық пен зұлымдық белгісі" деп мәлімдеді.

Еске салайық, Алмазбек Атамбаев 8 тамызда ұсталды. Оған 14 түрлі айып тағылған.

XS
SM
MD
LG