Ссылки доступа

Ресей "қара тізімінде" 65 мың қырғыз азаматы бар


2019 жылдың шілдесіндегі мәліметке қарағанда, Ресейде 64 мың 792 қырғыз азаматы "қара тізімге" енген. Қырғызстанның миграция қызметінің таратқан ақпаратына сәйкес, биылғы жылдың мамыр айында рақымшылық аясында 999 адам "қара тізімнен" шығарылған.

Ресей заңдарына сәйкес, "қара тізімге" ел аумағында жұмыс істеуге рұқсаты жоқ, тіркеусіз мигранттар енгізіледі. Мұндай азаматтарды Ресей елінен шығарып, 5 жылға дейін кіруге тыйым салады.

Осының алдында Ресейдегі Қырғызстан елшісі Аликбек Жекшенкулов РФ аумағында 1,2 миллион қырғызстандық тұратынын, олардың 500 мыңы Ресей азаматтығын алғанын жариялаған.

XS
SM
MD
LG