Ссылки доступа

Өзбекстан көші-қон агенттігінің бұрынғы басшысы 12 жылға сотталды


Ташкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі соты Равшан Ибрагимовты 12 жылға соттады.

Сыртқы еңбек миграциясы жөніндегі агенттіктің бұрынғы директоры пара алу және алаяқтық қылмыстары үшін кінәлі деп танылды. Ол жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейді, бұған қоса үш жыл көлемінде басшылық және материалдық жауапкершілігі бар қызметтер атқара алмайды.

Агенттік басшысының бұрынғы орынбасары Ұлықбек Назаров та 12 жылға түрмеге қамалды.

2018 жылы қарашада Ибрагимов пен оның орынбасары Назаров және агенттіктің тағы бірнеше қызметкері ұсталған.

Дереккөз мәліметі бойынша, оларға Оңтүстік Кореяға жұмысқа адам жіберу үшін 20 млн доллардан астам пара алған деген айып тағылған.

XS
SM
MD
LG