Ссылки доступа

Түркіменстан армиясында 18 жастағы сарбаз қаза тапты


20 тамызда Түркіменстанның Балканабад шаһарындағы әскери бөлімшеде қызметін өтеп жатқан Овезали Экаев есімді 18 жастағы жауынгер қаза болды. Бұл жайында Азаттықтың түркімен қызметі хабарлады.

Аймақтық тілші хабарлағандай, жауынгердің денесі ата-анасына жеткізілген.

«Жауынгердің денесін 20 тамызда 16:00 шамасында әкелген, 17:30 шамасында жерлеген. Жақындарына оның өлімінің себебі туралы ешнәрсе айтпаған. Сүйекті жеткізген әскери комиссариаттың өкілдері мен полиция қызметкерлері туысқандарынан бұл оқиға туралы ешкімге ешқандай мәлімет бермеу туралы тілхат жаздырып алған», - дейді тілші.

Оның айтуынша, туғандары марқұмның денесінде дақтар болғанын айтып, оған зорлық көрсетілген болуы мүмкін деп есептейді.

Экаев - соңғы бір ай ішінде Түркіменстан әскерінде қызметін өтеп жатып қаза тапқан кемінде екінші жауынгер.

XS
SM
MD
LG