Ссылки доступа

Ресейде арнайы операция кезінде өлтірілген тәжік азаматтарының денесі туыстарына берілді


Үш ай бұрын Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметінің (ФСБ) Владимир облысындағы контртеррористік операциясы кезінде қаза болған екі тәжік азаматының денесі туыстарына берілді.

34 жастағы Асомиддин Кыргызбеков пен оның 31 жастағы інісі Сайфулло Кыргызбеков 22 мамырға қараған түні Кольчугино қаласында антитеррористік операция кезінде өлтірілген. Онда Ресейдің Ұлттық антитеррорлық комитеті теракт жасауды жоспаралған екі содыр жеке үйлердің бірінде жасырынып жүргенін хабарлаған.

Бірақ құқық қорғаушылар мен марқұмдардың туыстары ФСБ тәжік азаматтарының кінәлі екенін растайтын ешқандай дәлелдер көрсетпегенін айтады. Олардың сөзінше, арнайы қызмет таратқан видеода тәжік азаматтары қорғанған деген үйдің қабырғаларында оқтың іздері болмаған.

Асомиддиннің ағасы Нұрмұхаммад Кыргызбековтің айтуынша, Ресей билігі Кольчугино қаласындағы оқиғадан үш ай өткеннен кейін ғана сүйектерді алып кетуге рұқсат берген.

"Олар қатардағы еңбек мигранттары болды. Ресейге отбасын асырау үшін кеткен. Асомиддиннің артында үш, Сайфуллоның екі баласы қалды", - дейді Нұрмұхаммад.

Ағасы бауырларының ешқашан экстремистік ұйымдарға мүше болмағаныне сенімдіміз дейді.

XS
SM
MD
LG