Ссылки доступа

Қырғыз экс-бас прокуроры Жолдубаеваға жемқорлық ісі бойынша айып тағылды


Қырғызстанның бұрынғы бас прокуроры Индира Жолдубаеваға қылмыс әлемінің дөкейі Азиз Батукаевтың мерзімінен бұрын заңсыз босатылуына қатысты іс бойынша айып тағылды.

Бішкектің 1-май аудандық соты оны үйқамақта ұстау жөнінде бұлтартпас шарасын қолданған.

Индира Жолдубаева 2015-2018 жылдар аралығында бас прокурор қызметін атқарды. Бұл қызметке дейін ол қырғыз президенті аппаратының сот реформасы және заңдылық бөлімін басқарған.

2013 жылы 9 сәуірде Нарын қалалық соты Азиз Батукаев "жазылмайтын ауруға шалдыққан" деген медициналық қорытындығыға сүйеніп, қылмыс әлемінің дөкейін түрмеден босату туралы шешім шығарған. 2019 жылдың басында оны заңсыз босатуға қатысты іс қайта қаралып, бірнеше шенеунік істі болды. Олардың арасында бұрынғы денсаулық сақтау министрі Динара Сагинбаева, Нарын облысы прокурорының бұрынғы орынбасары Майрамбек Акматалиев, экс-вице-премьер-министр Шамиль Атаханов, экс-бас прокурор Аида Салянова бар. Олардың барлығы үйқамаққа шығарылған. Қорғаныс кеңесінің бұрынғы хатшысы Бусурманкул Табалдиевке іздеу жарияланды.

Қамаудағы бұрынғы президент Алмазбек Атамбаевқа тағылуы мүмкін 14 айыптың бірі - осы іске қатысты.

XS
SM
MD
LG