Ссылки доступа

Тәжік люлилері балаларын мектепке береді (видео)


Дети из племени люли готовятся к школе
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:03:07 0:00

Дети из племени люли готовятся к школе

Тәжікстан балалар омбудсменінің мәлімдеуінше, тәжік люлилері балаларының мектепте оқуына жағдай жасалып жатыр.

Люли – сығандардың шығыста көп таралған тармағының бірі. Орталық Азияда мекендеген олар қайыр тілеумен айналысады. Люлилердің білімі жоқ.

Тәжікстанның бірнеше аймағында люлилер оқитын арнайы сыныптар ашылған. Мұнда олар төртінші сыныпқа дейін оқиды. Сосын аналарымен бірге көшеге шығып, қайыр тілейді. Халықаралық ұйымдар тәжік билігінен сығандарға толық білім алуға мүмкіндік жасауын талап етіп отыр.

Билік люлилердің білім алуына барлық жағдай жасалғанын, бірақ сығандардың өздері оқығысы келмейтінін айтады. Оның үстіне, люлилер бала туғанда туу туралы куәлік алмайды, сол себепті оларды есепке алып, мектепке баруға мәжбүрлеу қиынға түсіп отыр.

Фаришта 10 жаста, ол люли тайпасынан. Варзоб ауданының Жагатай қышлағында тұратын қыз биыл алғаш рет мектепке барады. Оның құрбылары үшінші сыныпта оқып жүр, ал Фаришта болса әріпті енді ғана тани бастады. Оның анасы Фарида Шарбатова мектепте оқымаған. Ана қызының сауат ашатынына қатты қуанды. Ол қызын жеті жасында мектепке бермегеніне өкінеді.

Люлилер мектептерде жасөспірімдер балаларын мазақтайтынын, сол себепті олар мектепке барғылары келмейтінін айтқан.

Тәжікстан балалар омбудсмені Раджабмох Хабибуллоның айтуынша, люлилерге мектепте оқуға барлық жағдай жасалған. Оның сөзіне қарағанда, биыл Дусти, Балхи және Лахш аудандарында аз ұлт өкілдерінің балаларына білім беруге арналған арнайы бағдарлама ашылады.

Ресми мәлімет бойынша, қазір республика мектептерінде люли отбасыларынан 1 мың 329 бала оқып жүр.

Бұл тайпаның мыңдаған өкілдері Пенджикент, Гиссар, Вахдат, Вос және Балх облыстарында тұрады. Тарихшылардың айтуынша, шығыс сығандары Орталық Азияға бес-алты ғасыр бұрын Үндістаннан келген. Олар тұратын мемлекеттің тілін үйренуге тырысады, бірақ күнкөріс кәсібі - қайыр тілеуден ешқашан бас тартпайды.

XS
SM
MD
LG