Ссылки доступа

Wall Street Journal: АҚШ пен Венесуэла билігі құпия келіссөз жүргізіп жатыр


Диосдадо Кабельо (слева) и Николас Мадуро 24 января 2019 года
Диосдадо Кабельо (слева) и Николас Мадуро 24 января 2019 года

Дональд Трамп әкімшілігі әлемнің ондаған елі Венесуэла президенті деп танымаған Николас Мадурамен келіссөз жүргізіп жатыр. Мақсат - Мадуроның президент қызметінен кетіп, елде еркін сайлау ұйымдастыруға жағдай жасау.

Бұл туралы сәрсенбі күні кешке The Wall Street Journal газеті хабарлады. Басылым осы келіссөздерге қатысқан венесуэлалықтарға сүйенген.

Трамп әкімшілігі Венесуэоа конституциялық ассамблеясының басшысы Диосдадо Кабельомен байланыс орнатқан. Шенеунік есірткі контрабандасымен айналысты деген күдікпен АҚШ санкциясына ілінген еді. Келіссөздердің мақсаты - Венесуэладаға саяси дағдарысты бейбіт жолмен шешу. Келіссөздер енді ғана басталған.

Кабельо және басқа да саясаткерлер осы арқылы өз қауіпсіздігі үшін АҚШ пен халықаралық ұйымдардан кепілдік алуды көздейді.

Мадуро жақтастарының АҚШ әкімшілігімен байланыс орнатқанын Дональд Трамптың өзі сейсенбі күні жариялаған еді. Артынша бұны Николас Мадуро да растады.

The Wall Street Journal газетінің хабарлауынша, бұл келіссөз Николас Мадуроны биліктен кетіру әрекеті тығырыққа тіреліп, Вашингтон бұл іске Венесуэла билігінің басқа да тармақтарын тартқанын көрсетеді.

XS
SM
MD
LG