Ссылки доступа

Путин: Кремль АҚШ-тың жаңа зымыран сынағына жауап ретінде шара қолданады


Владимир Путин Финляндияға сапарында АҚШ-тың құрлықта қанатты зымыран ұшырғанын сынға алды. Бұған қоса Ресей президенті Северодвинск әскери полигонында болған жарылыстан радиациялық қауіп жоқ екеніне көрші елдерді сендіруге тырысты.

Финляндя президенті Саули Ниинистёмен кездесу үшін Хельсинкиге барған Путин 21 тамызда журналистерге мәлімдеме жасады. Келіссөздер сауда, экономика және инвестиция салаларында екіжақты әріптестікті дамытуға арналған. Бірақ Путин брифингте Ресейдің ішкі жағдайы, халықаралық проблемалар және жанжалдар туралы сөйледі.

Ниинистёмен бірге өткізген баспасөз конференциясында Путин АҚШ-тың жаңа зымыран сынағаны туралы мәлімдеме жасады. Ол бұл сынақтарды қауіпті деп атап, Кремль оған жауап ретінде әрекет ететінін мәлімдеген.

18 тамызда Пентагон құрлықтағы қанатты зымыранын сынақтан өткізгенін жариялады. Зымыран 500 шақырымнан астам қашықтықтағы нысанды көздей алады.

XS
SM
MD
LG