Ссылки доступа

Қырғызстанда Атамбаевтың тағы бір серігіне іс қозғалды


22 тамызда Бірінші май аудандық соты қырғыз парламентінің депутаты Ирина Карамушкинаны үйқамаққа алу жөнінде шешім шығарды. Сот шешімі жабық есік жағдайында өткен.

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың серігі Ирина Карамушкина "тұтқынды басып алды" деген күдікке ілінген. Бұл жөнінде елдің бас прокуратурасы мәлімдеді.

Ирина Карамушкинаның өзі жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыруда куәгерден күдіктіге ауыстырды деп хабарлаған.

7-8 тамызда Шу облысының Аламудун ауданы Кой-Таш ауылында экс-президент Алмазбек Атамбаевты мәжбүрлеп тергеуге алып бару бойынша арнайы операция жүрген. Оқиға кезінде ондаған адам зардап шегіп, арнайы жасақ өкілдері кепілдікке алынып, 20 сағат бойы Атамбаевтың үйінде тұтқында болған. Басынан жарақат алған ішкі істер басқармасының басшысы Самат Курманкулов комаға түсті. Оны қазір Мәскеуге емдеуге жөнелткен.

Атамбаев ұсталғаннан кейін оның бірқатар жақтастары тергеуге шақырылды.

Президент аппаратының бұрынғы жетекшісі Фарид Ниязов, Атамбаевтың жақтастары Алга Кылычов, Кыяз Смаилов және Амантур Жамгырчиев арнайы жасақ өкілдерін кепілдікке алды деген күдікпен 8 қазанға дейін қамауға алынған.

XS
SM
MD
LG