Ссылки доступа

Өзбекстан азаматтары бір күнде 10 миллион доллар сатып алған


Өзбекстандағы коммерциялық банктер шетел валютасының еркін саудасы басталған алғашқы күні 9,6 млн доллар сатты. Бұл туралы Сауда-өнеркәсіп палатасы хабарлады.

20 тамызда Өзбекстанның Орталық банкі коммерциялық банктерге айырбас пунктері арқылы шетел валютасын сатуға рұқсат берді. Бұл шара валюта нарығын либерализациялау мақсатында іске асты.

20 тамызда биржада өзбек сумының АҚШ долларына шаққандағы бағамы 9384 болды.

Орталық банктің ресми мәлімдемесі бойынша, қаржы мекемесі елдегі валюта нарығын жіті бақылап отыр.

XS
SM
MD
LG