Ссылки доступа

Қырғыз-тәжік шекарасында жанжалға себеп болған құрылыс жұмысы уақытша тоқтады


Қырғыз-тәжік шекарасындағы жанжалға себеп болған құрылыс жұмысы бір аптаға тоқтады. Бұл жөнінде Лейлек ауданы Жаны-Жер ауылының әкімі Ақжол Абдуллаев мәлімдеді.

Оның сөзінше, қазір жағдай бірқалыпты. Тұрғындар бас көтеріп жатқан жоқ. Жанжал кезінде жарақат алған милиция қызметкері ауруханада жатыр.

25 тамызда Қырғызстанның Лейлек ауданы әкімі Баймурат Бекмуратов пен Тәжікстанның Гафуров ауданы әкімі Зариф Назири кездесіп, шекара аймағындағы құрылыс жұмысының жағдайын талқылап, өзара келісімге келген. Олар Баткен және Соғды облысы басшыларына хат жазып, мәселені шешуді сұраған.

Қырғызстанның Баткен облысының Тәжікстанмен шектесетін аумағында 24 тамызда екі бірдей жанжал болды. Нәтижесінде екі қырғыз азаматы жараланған.

XS
SM
MD
LG