Ссылки доступа

Әндіжанның балағаттаушы әкімі қызметінен алынды


Өзбекстанның Әндіжан қаласының әкімі Дилмурод Рахматуллаев қызметінен алынды. Бұл туралы Kun.uz интернет-басылымы сенімді дереккөзіне сілтеме жасап хабарлайды.

Әзірге қала әкімінің қызметтен қандай себептермен алынғаны белгісіз. Бірақ ол бұған дейін жергілікті бюджеттік мекемелердің бірінің жетекшілерін тілдегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Аты-жөнін айтқысы келмеген әндіжандық блогердің айтуынша, жаңа әкімнің аты-жөні 26 тамызда белгілі болады.

Дилмурод Рахматуллаев Әндіжан қаласы басшысы болып 2016 жылдан бері істеп келген. Бұл аралықта ол жергілікті мемлекеттік органдардың басшыларын балағаттап жатқаны басылған бірнеше аудиожазбалар жарияланып кеткен.

Олардың алғашқысы 2017 жылы 21 қарашада шыққан. Онда Рахматуллаев мақта теруге жеткілікті адам алып шықпаған колледж, академиялық лицейлердің директорларын қаралап, балағаттаған.

Кейін өлкенің бас прокуратурасы Әндіжан әкімінің бұл әрекетінде әкімшілік құқық бұзушылық бар екенін айтып, 30 төменгі айлық есептік көрсеткіш (5 миллион сум - 650 доллар) көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеген.

Бірақ әкімнің қарамағындағылары ескерту алса да, Рахматуллаев балағаттауын доғарған емес деп шағымданған.

XS
SM
MD
LG