Ссылки доступа

Өзбекстанда кеншілер ереуілінен соң тоғыз шенеунік жұмыстан шығарылды (видео)


Забастовка шахтеров предприятия «Шаргунькумир», августа 2019 года.
Забастовка шахтеров предприятия «Шаргунькумир», августа 2019 года.

Құрамына "Шаргунькумир" кәсіпорыны кіретін "Узбекистон темир йуллари" ("Өзбек темір жолдары") компаниясы 200-ге жуық кеншінің ереуліне қатысты мәлімдеме таратты.

Еске салайық, Өзбекстанның Сұрхандария облысы Сарыасин ауданында 14-15 тамызда "Шаргунькумир" көмір кенінде жұмыс істейтін 200-ге жуық кенші ереуілге шыққан. Олар жалақының көтерілуін талап еткен.

В Сурхандарье 200 шахтеров бросили работу и вышли на акцию протеста
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:50 0:00

Наразы кеншілер қара жұмысқа 1 миллион сум (100 доллардан сәл асады) айлық төленетінін, мереке және демалыс күндері де жұмыс істеуге мәжбүрлейтінін мәлімдеген. Кәсіпорынға ереуіл себебін тексеру үшін келген арнайы комиссияның бір мүшесі кеншілерге "мұндай даудан ешкім ұтпайды" деп жауап берген.

Кеншілердің наразылық акциясына қатысты мәлімдеме таратқан "Узбекистон темир йуллари" арнайы комиссия тоғыз шенеунікті жұмыстын шығару туралы шешім қабылдағанын жариялады. Компания мәліметі бойынша, кәсіпорында орташа жалақы - 2,343 млн сум (шамамен 250 доллар). Мұнда 596 адам жұмыс істейді.

XS
SM
MD
LG