Ссылки доступа

Өзбек үкіметі: 2000 мың жыл бұрын құлаған Окс Ескандария табылды (видео)


Термез қаласындағы археологиялық форумда Сұрхандария облысы Кампиртепе қалашығында ежелгі қала табылғаны хабарланды. Тарихшылар көне шаһар екі мың жыл бұрын құлаған деп болжайды.

"Біз Кампиртепенің ежелгі Окс Ескандария шаһарының үстінде бой көтергенін анықтадық. Соған қатысты көптеген материал дайындап жатырмыз. Біз бұл жерді әлем картасына белгілегіміз келеді. Елеулі жаңалық ғалымдар мен туристерді тартады. Біздің дәлеліміз жетерлік", - деді премьер-министрдің орынбасары Азиз Абдухакимов.

Өзбек ғалымдары мен үкіметі бұны үлкен жаңалық деп отыр. Окс Ескандария тарихи кітаптарда ғана аталған, бірақ көне шаһардың қайда екенін екі мың ғасыр бойы ешкім білмеген.

Кампиртепеде 1972 жылы жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде өзбек академигі Эдуард Ртвеладзе көне қаланың үйінділерін тапты. Ртвеладзе оның Ескандария екеніне бірнеше дәлел тапқан.

Тарихи деректерде Амудариядағы Александрия - Окс Ескандариясы - Александр Македонский негізін қалаған грек-бактрия мемлекетінің шығыс қорғаны болған. Окс Ескандария біздің заманымыздың III – II ғасырларында гүлденген.

XS
SM
MD
LG