Ссылки доступа

Қырғызстанның экс-президенті Атамбаевқа әйелімен кездесуге мүмкіндік берді


Қамауда отырған Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың әйелі Раиса Атамбаева күйеуімен 23 тамызда кездескен. Бұл туралы Атамбаевтың қорғаушысы Сергей Слесарев мәлімдеді.

Ол өзі де Атамбаевпен кездескенін, көңіл-күйінің жақсы екенін жеткізді.

Алмазбек Атамбаев 8 тамызда Ішкі істер министрлігінің (ІІМ) арнайы операциясы кезінде ұсталып, Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің (ҰҚМК) тергеу абақтысына қамалған.

Бірінші май аудандық соты оны 26 қазанға дейін қамау туралы шешім шығарған. 16 тамызда Бішкек қалалық сот бұл шешімді күшінде қалдырған. Сот ҰҚМК ғимаратында өтіп, адвокаттан басқа азаматтарды кіргізбеді.

Бас прокуратура Атамбаевқа 14 бірдей қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG