Ссылки доступа

Өзбекстан президенті блогерлерді қолдайтынын айтты


Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 26 тамызда өзбек блогерлерін әрдайым қолдайтынын айтты.

Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мирзияев халықаралық "Шарк тароналари" ән байқауына келген жергілікті және шетел блогерлерімен кездесті. "Араларыңызда өзіміздің блогерлерді де көріп тұрмын. Сендерді мақтан тұтамын. Президент сендерді әрдайым қолдайтынын біліп жүріңдер", - деді ол.

Шавкат Мирзияев журналистерге елде ашық саясат жүргізіле береді деп мәлімдеді.

"Соңғы жылдары Өзбекстан әлемге есігін ашып, халықаралық қауымдастыққа шындықты жеткізуге талпынып жатыр. Ең бастысы, талқылау мен сынауға рұқсат бар", - деді мемлекет басшысы.

Еске салайық, Шавкат Мирзияев 26 тамызда Самарқанд қаласында "Шарк тароналари" ән байқауының ашылу салтанатына қатысты. Был фестивальға 75 елден 340 әнші қатысып жатыр.

XS
SM
MD
LG