Ссылки доступа

Өзбекстанда мәжбүрлі еңбекке айыппұл он есе өсті


Өзбекстан Олий Мажлисінің сенаты Әкімшілік жауапкершілік туралы түзету енгізу жобасын мақұлдады. Құжат мәжбүрлі еңбекке айыппұлды өсіруді көздейді.

Бұған дейін азаматтарды мәжбүрлі түрде жұмысқа салғандарға 1-3 төменгі еңбек ақысы көлемінде айыппұл салынатын. Енді оның көлемі 10-30 төменгі жалақы көрсеткішіне дейін өсті.

Бір жыл ішінде әкімшілік жауапкершілікті екі рет бұзғандарға 100 төменгі еңбек ақысына дейін айыппұл салынуы мүмкін.

Кәмелет жасқа толмағандарды жұмысқа мәжбүрлегендер 30–50 төменгі еңбек ақысы көлемінде, ал бұл әрекетін тағы қайталағандар 50–100 төменгі еңбек ақысы көлемінде айыппұл төлейді.

XS
SM
MD
LG