Ссылки доступа

Қытай Тәжікстандағы алтын кенін өндіруді қолға алды (видео)


Talco Gold тәжік-қытай бірлескен кәсіпорны Тәжікстанның солтүстігінде бағалы металл өндіруге кіріскелі жатыр. "Настоящее Время" хабарлағандай, алтын кеніндегі қор 50 тоннадан асады.

Бұл жерде сүрме қазып алу да жоспарланған. Таза құймалар 2020 жылы сол жерде салынатын металлургиялық комбинатта өндірілмек.

Китайские инвесторы будут разрабатывать месторождения золота в Таджикистане
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:03:01 0:00

Тәжік алюминий компаниясы (ТАЛКО) инвесторларды іздеуде ресурстарды толығымен қайта істететін және сатуға дайын құймаларды шығаратын инвесторларға артықшылық берілгенін мәлімдеді. Қытай қаражат, технология жаңа әдістерді өз мойнына алса, тәжік тарабы кеннің өзін ұсынған. Табыс тең бөлінеді.

ТАЛКО компаниясы дайын өнім шығару үшін қытайлық инвесторлармен келіскенін, олар бірлесіп металлургиялық комбинат құратынын жеткізді.

Қытай жобаға 200 миллион доллар инвестиция құймақ. Talco Gold компаниясының өкілі Чжоу Ву жоғарғы қуатты линиялар тартылғанын мәлімдеді. Екі дамба, канал және қалдық сақтайтын жай салынбақ.

Тәжікстанда алтынның 80 пайызын қытай-тәжік бірлескен компаниясы өндіреді.

XS
SM
MD
LG