Ссылки доступа

Ресей Түркияға С-400 зымыран кешенінің жабдықтарын жеткізуді ұсынды


Режеп Ердоған (сол жақта) және Владимир Путин (оң жақта)
Режеп Ердоған (сол жақта) және Владимир Путин (оң жақта)

Түркия келесі жылдың басынан Ресейде шығарылған С-400 зымыран кешенінің жабдықтарын қолдана бастайды. Оған дейін Ресей түрік әскерилерін арнайы дайындықтан өткізбек.

Түркия президенті Режеп Ердоған сейсенбіде Мәскеуге барған. Ресей президенті Владимир Путин оған Су-57 әскери ұшағын көрсетті. Бұған дейін шетелдік басылымдар Түркия орыс өндірісінен шыққан ұшақтарды сатып алуы мүмкін екенін жазған.

"Әскери және әскери-техникалық бағыттағы әріптестік жөнінде ғана емес азаматтық мәселелер, ғарыш, авиация жайында да сөз болды", – деді Путин. Ол Ресей мен Түркияның ортасында виза режимін либералдандыру бойынша іс жүріп жатқанын мәлімдеді. Ердоған екі ел арасындағы сауда айналымы 25 миллиард доллардан 100 миллиард долларға дейін артқанын мәлімдеді.

Шілдеде С-400 зымыран жүйесінің бірқатар компоненттері Түркияға жеткізіле бастағанын мәлімдеген.

Түркия Ресеймен әскери бағытта әріптестік жасағаны үшін Вашингтон Анкараға санкция саламыз деп ескертіп жатыр. Осыған дейін С-400 зымыран жүйелерін сатып алғаны үшін АҚШ Түркияға F-35 бомбалау ұшақтарын жеткізуден бас тартқан. Түркия АҚШ-тың бұл қадамы заңсың деген.

XS
SM
MD
LG