Ссылки доступа

Өзбекстан азаматтарын жалған диплом үшін Финляндиядан жаппай депортациялап жатыр


Финляндияның көші-қон қызметі - Migri биыл Өзбекстанның 139 азаматын елден шығарды. Бұл туралы Yle фин басылымы хабарлады.

Yle мәліметі бойынша, тағы 219 өзбек азаматы жақында елден депортацияланады.

Бұған қоса, 258 өзбекстандыққа елде жұмысқа тұруға рұқсат бермеген. Алты айда бар болғаны 42 өзбек азаматы Финляндияда жұмысқа тұруға рұқсат алған.

Көші-қон қызметінің мәлімдеуінше, Финляндияда жұмыс іздегендер жалған диплом өткізген, сол себепті олар елден шығарылып жатыр. Өзбекстан азаматтарының дені бұл елде құрылыс саласында жұмыс істейтіндіктен, олар құрылыс техникумында оқығаны туралы жалған диплом тапсырған.

"Құрылыс техникумын тәмамдағаны туралы жалған диплом алғаш рет 2015 жылы анықталды. Одан кейінгі жылдары мұндай жарамсыз құжат өткізгендер саны арта берген" делінген қызмет мәлімдемесінде.

Өзбекстан азаматтарының жалған дипломдарында көрсетілген техникум 26 жыл бұрын жабылып қалғаны анықталған.

XS
SM
MD
LG