Ссылки доступа

Түркіменстанда екі сарбаз әлімжеттік құрбаны болды


Туркменистан (архивное фото)

Түркіменстан Қарулы күштерінде қызмет еткен 18 жастағы Овезали Экаев 20 тамызда әлімжеттік құрбаны болғаны анықталды. Әскери бөлімде қаза болған екінші сарбаздың кім екені белгісіз.

"Экаев Овезали Балканабадтағы әскери бөлімде қызмет еткен. Мұнда одан басқа тағы бір сарбаз қаза тапқан. Оларға жасы үлкен сарбаздар әлімжеттік көрсеткен, соның салдарынан төбелес болған. Екі сарбаз қаза тапқан, солардың бірі - Овезали" деп хабарлады Азаттық радиосының Түркімен қызметі.

Ресми мәлімет бойынша, 18 жастағы Экаев Овезали 20 тамызда таңертең қаза тапты. Сол күні кешке оның денесін марқұмның ата-анасына алып барған. Сарбаздың неден қайтыс болғанын ол кезде ата-анасына айтпаған, олардан қазаны құпия сақтау туралы қолхат алған.

Овезали Экаевты биыл мамыр айында әскер қатарына шақырған. Оны дені сау болған.

Марқұмның туыстары оның денесінен көптеген азаптау іздерін байқап, бұл жайында Азатлык радиосына хабарлады. ​"Оның бірнеше қабырғасы сынған, басы жарылған, денесінде көгерген іздер көп болды".

Тілші мәліметі бойынша, билік сарбаз өліміне қатысты тергеу жүргізіп жатыр. "Бірнеше сарбаз қамауға алынды, бірнеше офицер басқа аймаққа ауыстырылды. Кісі өлтірді деген күдікке ілінген сарбаздың әкесі Экаевтың ата-анасына кешірім сұрап барды. Бірақ олар оны қуып жіберді" деп хабарлады тілші.

Әскери бөлімдегі төбелесте қаза болған екінші сарбаз Мары уәлаятының тұрғыны екені анықталды, бірақ оның аты-жөні әзірге белгісіз.

XS
SM
MD
LG