Ссылки доступа

"7 арна" басшылығы: жабылған телеарна мүлкінің Атамбаевқа қатысы жоқ


Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың ісі бойынша жабылған "7 арна" басшылығы телеарна қызметін жалғастыруға талпынып жатыр. Бұл туралы Азаттық радиосының Қырғыз қызметіне арна директоры Алтынбек Жұмаев хабарлады.

"Арнаны 16 тамызда жапқан. Қазір жұмыс тоқтап тұр. Таралым лицензиясына "Форум" фирмасы мен Атамбаевтың қатысы бар, бірақ телеарна мүлкіне Атамбаевтың қатысы жоқ", - деді Жұмаев.

16 тамызда Бас прокуратура бұрынғы президент пен оның жақындарының бұғатталған мүліктерінің тізімін жариялады. Олардың арасында "Апрель" телеарнасының мүлкі де бар. Бұл телеарна "Форум" ғимаратында кеңсе жалдайтын 27 тамызда 20 жылжымайтын мүлік бұғаттан босағаны хабарланды.

Бұрынғы президент Алмазбек Атамбаев 8 тамызда Кой-Таш ауылындағы үйінде ұсталды. Ол 26 қазанға дейін қамауда болады. Бас прокуратура экс-президентке 14 түрлі қылмыс бойынша күдік келтіріп отыр.

XS
SM
MD
LG