Білім министрлігі жаңа оқу жылы жексенбіге сәйкес келсе де, өз уақытында басталуы тиіс деп мәлімдеді.
Министрліктің бұл бұйрығы әлеуметтік желілерде түрлі пікір туғызды. Бірқатар қолданушылар "мұғалімдер мен оқушылардың құқықтары бұзылғанын" жазса, енді бірі шешім шығарғаннан кейін, оны орындау керектігін, болмаса, оқудан шығып қалуы мүмкін екенін жазған.
Бірақ білім министрлігі сын айтуға ешқандай негіз жоқ екенін айтып, мұғалімдер мен оқушылар бұл күннің орнына 7 қыркүйекте демалады деді.
Соңғы жылдары Тәжікстанның білім министрлігі бірнеше рет талас туғызған шешімдерді қабылдады. Мәселен, 2017 жылы 1 қыркүйекте Құрбан айт мейрамына сәйкес келгеніне қарамастан, оқушылар мен студенттер сабаққа баруға мәжбүр болған.
Биыл Тәжікстанда жалпы 1 миллион 900 мың оқушы мектепке барады.