Ссылки доступа

Тәжік адвокаты Бузургмехр Ёровқа Вацлав Гавел атындағы сыйлық берілді


Тәжікстандық адвокат Бузургмехр Ёров Вацлав Гавел атындағы сыйлықпен марапатталды. Сыйлық Еуропа Кеңесінің Парламенттік ассамблеясы (ПАСЕ) тарабынан адам құқығын қорғаған азаматтарға беріледі.

Сыйлық ресми түрде ПАСЕ-нің 30 қыркүйектегі пленарлық сессиясында беріледі. Онда Ёровтан бөлек ұйғыр құқық қорғаушысы Илхам Тухти мен Youth Initiative for Human Rights ұйымын да марапаттайды.

Орталық Азиядағы адам құқықтары бірлестігінің басшысы Надежда Атаева атап өткендей, Бузургмехр Ёров өз бостандығын тәуекелге салып, "Исламның қайта жаңғыруы" партиясы мүшелерінің құқықтарын қорғаған. "Осыған жауап ретінде билік оны соттап, туысқандарын қуғындады",- деді Атаева.

Бузургмехр Ёров Тәжікстанда тыйым салынған "Исламның қайта жаңғыру" партиясының сотталып жатқан мүшелерінің құқықтарын қорғай бастағаннан кейін 2015 жылы қыркүйекте қамалған. 2016 жылы қазанда Душанбе қалалық соты оны 23 жыл мерзімге бас бостандығынан айырды. Сонымен бірге оған қосымша "Билік өкілін кемсітті" және "Сотты сыйламады" деген баптар бойынша айып тағып, жазасын ауырлатты.

Кейін Бузургмехр Ёровқа қарсы тәжік президентін кемсітті деген айыптар бойынша төртінші рет қылмыстық іс қозғады.

XS
SM
MD
LG