Ссылки доступа

Тәжікстан: Бес жасар қыздың өлімі бойынша Ресейдегі сот процесін жіті бақылап отырмыз


Тәжікстан сыртқы істер министрі Сироджиддин Мухриддин Ресейдегі елшілікке бес жасар Хувайдо Тиллозоданың өліміне байланысты өтіп жатқан сот процесін жіті бақылауды тапсырды. Тәжікстандықтар бұл істе салқынқандылық танытып отыр деп билікті сынаған.

Өткен аптада кезекті сот отырысы кезінде айыпталушы Александр Сёминнің адвокаты Абдусалом Саидовты туған әкесі болмағандықтан тыңдауға жібермеуін сұраған. Абдусалом Саидовтың өзі марқұм Хувайдоның туған әкесімін деп есептейді.

«Жауап беруші тарап Сёминді бостандыққа шығару үшін қитұрқы әрекетке барып жатыр», - дейді ол.

Мәскеу түбіндегі Серпухов сотында бес жасар қыздың өліміне қатысты іс жабық есік жағдайында өтіп жатыр. Оған тек адвокаттар мен Хувайдоның әкесі ғана қатысып жатыр.

Таяуда Тәжікстанның Ресейдегі елшілігі тәжік дипломаттарының сот процесіне қатысуын сұрап, Серпухов сотына ресми хат жолдағаны мәлім болды.

Былтыр 22 шілдеде Мәскеу түбіндегі Серпухов қаласында үйінің алдында ойнап жүрген бес жасар Хувайдо жоғалып кеткен. Келесі күні теміржол бойынан оның өлі денесі табылған. Сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, қызды зорлап өлтірген.

Күдікті ретінде 28 жастағы жергілікті тұрғын Александр Семин ұсталған. Ол марқұмның көршісі болып шыққан.

XS
SM
MD
LG