Ссылки доступа

Президент Трамп Польшаға сапарынан бас тартты


Анджей Дуда мен Дональд Трамп. 12 маусым, 2019 жыл, Вашингтон.
Анджей Дуда мен Дональд Трамп. 12 маусым, 2019 жыл, Вашингтон.

АҚШ президенті Дональд Трамп Польшаға бармайтын болды. Ол жексенбі күні бару керек болған.

Президент Трамп бейсенбі күні Польшаға америкалық делегацияны вице-президент Майк Пенс бастап баратынын жеткізді. Ол Флоридадағы жағдайды бақылау үшін Вашингтонда қалуды жөн деп тапты. Онда "Дориан" дауылы жақындап келеді. Табиғат құбылысы штатқа ауыр шығын әкелуі мүмкін. Ауа райын болжаушылар "Дориан" соңғы 27 жылда болмаған ең күшті дауыл туғызуы мүмкін деп отыр.

Дональд Трамп Полшада Екінші дүниежүзілік соғыстың басталғанына 80 жыл толуына орай арнайы шараға қатысуы керек болған. Ол Польша президенті Анджей Дудаға алдағы уақытта міндетті түрде баратынын жеткізді. АҚШ президенті сонымен бірге жолда Данияға баруды да жоспарлаған. Бірақ Дания үкімет басшысы Америкамен Гренландия туралы талқылаудан бас тартқаннан кейін, Дональд Трамп Копенгагенге сапарынан да бас тартты.

XS
SM
MD
LG