Ссылки доступа

Вахдат колониясында болған бүлікке қатысты істе 20-дан астам адамды соттайды


Бахтиёр Абдусамадов
Бахтиёр Абдусамадов

Өткен жылы жазда шетел велотуристеріне шабуылдағаны үшін өмірлік жазаға кесілген Хусейн Абдусамадовтың бауыры Бахтиёр Абдусамадов Вахдат колониясында бүлік шығарды деп айыпталды.

Дегенмен оның туыстары Бахтиёр біраз жылдан бері туберкулезбен ауыратынын, бүлік шығаратын денсаулығы жоқ екендігін айтып отыр. 38 жастағы Бахтиёр Абдусамадов 2009 жылы шетел азаматтарын Тәжікстанға заңсыз кіргізуге көмектескені үшін 16 жылға сотталған. Рақымшылық нәтижесінде жаза мерзімі төрт жылға қысқарған.

Бүгін Бахтиёр Абдусамадовты түрмеде жаппай тәртіпсіздік болатынын біле тұра, түрме әкімшілігін ескертпеді, бұған қоса бүлікшілерге қосылды деп айыптады. Ресми билік мәліметін бейтарап дереккөздер арқылы тексеру мүмкін болмады.

Прокуратура түрмедегі бүлікке қатысты тергеу жұмыстаған аяқтаған. Билік жиырмадан астам жазасын өтеушіге айып тақты. Жақында қылмыстық іс Жоғарғы сотқа жолданады.

Адам құқықтарын қорғау ұйымдары Душанбеден Вахдат және Худжанд колонияларындағы бүліктерді әділ тергеуін сұраған.

Вахдат колониясындағы жапай тәртіпсіздік 19 мамырда түнде тіркелді. Бүлік салдарынан 32 адам қаза тапты, соның ішінде түрменің үш күзетшісі бар. Билік мерт болғандардың есімдерін бірден жариялады, бірақ бүлік шығарды деген күдікпен ұсталғандардың кімдер екенін жарияламады.

XS
SM
MD
LG