Ссылки доступа

Өзбекстан халықаралық іздеудегі азаматтардың төлқұжаттарын уақытша тоқтатады


Өзбекстанда іздеуде жүрген айыпталушы немесе сотталушының шетелге қашып кетуіне жол бермеу үшін, оның төлқұжатын сот арқылы уақытша тоқтатады.

Әділет министрлігінің хабарлауынша, Қылмыстық-процессуалдық кодекске төлқұжатты уақытша тоқтатуға негіз болатын ереже енгізілді.

Бұл шара айыпталушының, сотталушының алдын ала тергеуден және соттан шетелге қашып кетуіне жол бермеу үшін қабылданды.

Төлқұжатты уақытша тоқтату шарасы мемлекет ішінде немесе халықаралық іздеуде жүрген айыпталушылар мен сотталушыларға ғана қолданылады.

Билік төлқұжатты уақытша тоқтату Өзбекстан азаматтығынан немесе құқықтық мәртебесінен айыруды білдірмейтінін ескертті.

XS
SM
MD
LG