Ссылки доступа

Тәжікстанның танымал әншісі Зафар Аюбидің ұлына қылмыстық іс қозғалды


Тәжікстанның Куляб қаласында белгілі әнші Зафар Аюбидің ұлы Вафо Аюбовқа қарсы қылмыстық іс қозғалды. Бұл жөнінде Азаттықтың тәжік қызметі хабарлайды.

Куляб қалалық ішкі істер басқармасының мәліметіне қарағанда, 6 тамызда Вафо Аюбов Куляб қаласының тұрғыны Нураддин Набиевке пышақ салып, оқиға орнынан қашып кеткен. Оның не себептен мұндай қадамға барғаны белгісіз. Тергеу ісі жүріп жатыр.

Вафо Аюбовқа қарсы «Бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Айыбы дәлелденсе, 27 мың сомони көлемінде айыппұл төлейді не екі жылға дейін еркінен айырылуы мүмкін.

Зафар Аюбидің туғандары бұл іс бойынша түсініктеме беруден бас тартты.

Өз кезегінде Нуриддин Набиевтің туыстары бұл оқиға «адам өміріне қол салу» бабымен тергелуі керектігін айтады.

XS
SM
MD
LG