Ссылки доступа

Сот Қырғызстанның экс-президенті салдырған мешітті тұтқынға қойды


Бішкектің 7 шағын ауданындағы "7 апрель шейіттері" мешітін салуға жұмсалған қаражаттың бұлақтарын анықтау мақсатында тергеу жүріп жатыр.

Бұл туралы елдің бас прокуратурасы мәлімдеді. Мәліметке қарағанда, Бірінші май аудандық соты аталған мешіттің жұмысына тыйым салған.

«Тергеуде мешітті бұрынғы президент Алмазбек Атамбаев салғаны анықталған. Ғимарат тұрған бір гектар жер Атамбаевқа тиесілі «Форум» ғылыми-өндірістік фирмасына тіркелген», - делінген бас прокуратура таратқан мәлімдемеде.

«7 апрель шейіттері» мешіті 2019 жылдың сәуір айында ашылып, оған бұрынғы президент Алмазбек Атамбаев қатысқан. Ол мешітті салуға достары жәрдем бергенін мәлімдеген.

Алмазбек Атамбаев 7-8 тамызда арнайы операциядан соң қамалып, ҰҚМК тергеу абақтысына қамалған. Бірінші май аудандық соты оны 26 қазанға дейін қамауда ұстау туралы шешім шығарған.

Бас прокуратура Атамбаевқа қарсы бірнеше ауыр қылмыстар бойынша іс қозғалғанын мәлімдеген.

Бұрынғы президент Алмазбек Атамбаевқа қозғалған қылмыстық іс барысында оның дүние мүлкі, бағалы қағаздары, Қырғызстандағы банктердің есеп-шоттары бұғатталды.

XS
SM
MD
LG