Ссылки доступа

Ресей ІІМ басшысы тәжік мигрантына шабуыл жасағандарды табуды бұйырды


Владимир Колокольцев
Владимир Колокольцев

Ресей ішкі істер министрі Владимир Колокольцев тәжік мигрантын соққыға жығып жатқан сәтті түсірген видеоны тексеріп, кінәлілерді жауапқа тартуға тапсырма берді. Бұл жөнінде мекеменің ресми өкілі Ирина Волк мәлімдеді.

Тәжік азаматын қатыгездікпен сабап жатқан видео 30 тамызда әлеуметтік желіде жарияланған. Тәжікстан ішкі істер министрі Рамазон Рахимзода ресейлік әріптесіне жеделхат жолдап, мигрантқа шабуыл жасағандарды тауып, жауапкершілікке тартуды сұраған.

Ирина Волктың айтуынша, полиция қызметкерлері бұл оқиғаны тексеруге кіріскен. «Олар видеодағы адамдарды іздеп, оқиғаның қашан және қай жерде орын алғанын анықтап жатыр», - деді Волк.

Осыған дейін Тәжікстанның ішкі істер министрлігі мигрантқа қол салу «қатыгездік» деп атап, қылмысты «ресейлік скинхедтер жасады» деген.

XS
SM
MD
LG