Ссылки доступа

Украина депутаттары келесі жылдан бастап өздеріне қол сұқпау құқығынан айырылады


Украина Жоғарғы Рада депутаттары депутаттарды қол сұқпау құқығынан айыру жөніндегі заң жобасын қабылдады. Құжат 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

Бұл ел президенті Владимир Зеленский мен оның "Халық қызметшісі" партиясының сайлауалды уәделерінің негізгісі болатын. Енді президент уәде еткендей, заң депутаттарға коррупцияға күдікті болса, қылмыстық іс қозғауға мүмкіндік береді.

Парламенттің 373 депутаты заң жобасын қолдады. Ал ресейшіл, оппозициялық "Өмір үшін" партиясының мүшелері түгелімен қалыс қалды.

3 қыркүйекте Радада сөз сөйлеген Украина президенті кейбір депутаттар дауыс беруге соңына дейін кедергі келтіргенін айтты.

"Біздің ғылым өлермен күйде дейді. Бұл жалған, себебі украин депутаттары шын мәнінде тың жаңалық ашты: олар мәңгі қозғаушы күш жасап шығарды – саяси өмірдегі мәңгі қозғаушы күш. Ол қарапайым жұмыс істейді: басында депутаттыққа үміткерлер өздеріне қол сұқпау құқығын алып тастаймыз деп уәде береді, сосын дауыс беруде кедергі жасайды, сосын оны халық ұмытып кетеді. Осылай 20 жыл бойы жұмыс істеп келді. Бірақ бұл гаджетті тарих қоқысына тастауға уақыт келді", – деп мәлімдеді Зеленский.

XS
SM
MD
LG