Ссылки доступа

Қырғызстанның экс-ішкі істер министрінің орынбасары үш іс бойынша тергеліп жатыр


Қырғызстанның ішкі істер министрінің орынбасары болған Курсан Асанов үш іс бойынша тергеліп жатыр деп хабарлады оның адвокаты Таалайгүл Токтакунова.

Үш іс бойынша "қызметін асыра пайдаланды" деген баппен қылмыстық іс қозғалған. Екі іс бойынша Асанов куәгер ретінде өтіп жатыр. Тергеуді әскери прокуратура жүргізіп жатыр.

13 тамызда Курсан Асанов 7-8 тамызда Кой-Ташта бұрынғы президент Алмазбек Атамбаевты ұстау операциясынан кейін "қырғыз милициясының мүддесін сатты" деген айыппен қызметінен қуылып, үйқамаққа алынған.

Айыпталушы өзіне тағылған айыптарды мойындамайды, "мен мемлекет мүддесін бәрінен жоғары қойдым" дейді.

22 тамызда оның адвокаты Икрамидин Айткулов алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды.

29 тамызда Қырғызстанның бас прокуратурасы Асанов ұлы Мұхаммед-әлі арқылы Атамбаевтың айыптарын дәлелдейтін заттарды оның жақтастарына беріп жіберді деп мәлімдеді. Курсан Асановтың 1997 жылы туған ұлына іздеу жарияланды.

XS
SM
MD
LG