Ссылки доступа

Қырғызстанның білім министрі қызметінен алынды


Қырғызстанның білім және ғылым министрі Гүлмира Құдайбердиева қызметінен алынды. Тиісті бұйрықты ел президенті Сооронбай Жээнбеков шығарды деп хабарлайды оның баспасөз қызметі.

Білім және ғылым министрлігі соңғы жылдары жиі сынға қалып жүр. Қоғамдық резонанс туғызған - мектеп оқулықтарындағы қателер. 2019 жылы мектеп бітірген түлектерге де қате жазылған аттестаттар берілген.

Осы аптада Нарын облысының Кенеш ауылында темір контейнерде мектептің ашылуы қоғам наразылығын өршіткен еді.

XS
SM
MD
LG