Ссылки доступа

Пентагон дуал тұрғызуға 3,6 млрд доллар бөледі


АҚШ қорғаныс министрі Марк Эспер бюджеттен бөлінген қаражаттан Мексикамен шекараға 280 шақырым жерге дуал тұрғызу үшін 3,6 млрд доллар бөлуді мақұлдады.

Шекараға дуал тұрғызу АҚШ президенті Дональд Трамптың сайлауалды уәдесі болатын. Бірақ Конгресстегі демократтар жеткілікті қаржы бөлуден бас тартып келді. Президент 6 млрд доллардан астам қаражат сұраған. Бірақ Конгресс тек 1 млрд доллар ғана бөлді. Трамп шекара аумағына төтенше жағдай енгізіп, әскери мекемеге қаржы бөлуді міндеттеді.

Пентагон өкілінің сөзінше, ақшаның жартысы АҚШ аумағындағы әскери жобаларға бөлінген ақшадан, екінші жартысы басқа елдерге бөлінетін сомадан алынады. Осылай деп "Америка дауысы" хабарлады.

Қорғаныс министрлігінің шешіміне демократтар қарсы болып жатыр.

Пентагон болса дуал тұрғызу шекарадағы әскер санын азайтуға мүмкіндік береді деп отыр. Мексикамен арадағы шекарада заңсыз мигранттардың көбеюінен ондағы әскер санын бірнеше есеге артқан.

XS
SM
MD
LG