Ссылки доступа

Өзбекстанда перзентханада жаңа босанған әйелдерді еденге жатқызған


Ферғана облысындағы аудандық перзентхана басшылары жаңа туған сәбилерді аналарымен еденге жатқызғанын мойындады. Олардың сөзінше, бұл жағдай 1-2 күнге созылған, оның үстіне биыл жүкті әйелдер былтырғыға қарағанда екі есеге көп түскен.

4 қыркүйекте перзентханадағы жағдайды видеоға түсіріп жіберген әйел перзентханада бала туған әйелдер мен жүкті әйелдерді еденге жатқызып жатқанын жазған.

Суретте және видеода көрсетілгендей, 4 әйел еденде жатыр. Бір әйел бала емізіп отыр.

Перзентхана бас дәрігерінің орынбасары бұл жағдайдың уақытша болғанын айтады.

- Демалыс 3 күнге созылғандықтан, ЗАГС жұмыс істемеді. Біз әйелдерді құжатсыз шығара алмаймыз. 31 тамызда 20 әйел бостанды, 1- 2 қыркүйекте де осыншама әйел босанды. Ал перзентханада бар-жоғы 60 орын бар. Сондықтан көбі симай, жерге жатты, - деді ол.

Оның айтуынша, биыл Өзбекстанда бала туу саны өте көп.


XS
SM
MD
LG