Ссылки доступа

Тәжікстан ЕҚЫҰ-ның Варшавада өтетін жиынында оппозициямен диалогқа келуге ниетті


Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) адам құқықтары жөніндегі кеңесі жыл сайынғы дәстүрмен Варшавада 16-26 қыркүйек аралығында өтеді.

Тәжікстан үкіметі қатысушылардың делегациясын анықтап қойды. Үкіметтегі дереккөздің сөзінше, Варшаваға үкіметтің сегіз мүшесі барады.

Ол бұл жолы билік оппозиция өкілдеріне шыдамдылық танытып, диалог жасауға ұмтылады деп отыр.

2016 жылы Варшавада өткен ЕҚЫҰ-ның кезекті конференциясында Тәжікстан үкіметінің өкілдері қуғындағы оппозиция мүшелері келді деп қарсылық танытып, залды тастап шығып кеткен. Кейін Тәжікстан ЕҚЫҰ-ны "террористерге" мінбер берді деп айыптады.

ЕҚЫҰ Варшавада жыл сайын өтетін конференция керісінше саяси топтарды диалогқа шақыратын маңызды алаң деп есептейді.

Тәжікстан тәуелсіз ақпарат құралдарының ұлттық ассоциация жетекшісі Нуриддин Каршибаев аталған жиынға баруға дайындалып отыр. Ол елдегі БАҚ-қа жасалынатын қысым жайында айтамын дейді.

ЕҚЫҰ отырысына өзге де тәжік оппозиция өкілдері қатыспақ.

XS
SM
MD
LG