Ссылки доступа

АҚШ Конгрессі Мәскеуге оппозицияны қуғындап жатқаны үшін санкция салуға шақырды


АҚШ Өкілдер палатасының сыртқы істер жөніндегі комитет төрағасы Элиот Энгел мен Конргесстегі Техас штатының өкілі Майкл Маккол ел президенті Дональд Трампты Мәскеуді митингтерде адам құқықтарын бұзғаны үшін арнайы санкция енгізуге шақырды.

Трампқа жазған хатында саясаткерлер Ресей астанасында өткен митинг кезінде демонстранттардың соққыға жығылғанын, ұсталғанын, түрмеге қамалғанын айтқан. Олар Ресей билігінің әрекеттерін "агрессия" әрі "ЕҚЫҰ мүшесі ретінде өзіне алған міндеттемесін бұзып отыр" деп атады.

Энгел мен Макколдың пікірінше, Ресей президенті Владимир Путин елінде өзгеше ойлайтындарды қысып, қуғындай бастады.

Мәскеуде қалалық дума сайлауына оппозиция өкілдерін жіберуді талап еткен акция шілде айынан бері өтіп келеді. Оған дейін үш мыңға жуық адам ұсталды. Ондаған оппозициялық үміткер митинг заңын бұзды деген айыппен қамауға алынды.

27 шілдеде Ресей тергеу комитеті полиция өкілдеріне күш көрсетті деген айыппен қылмыстық іс қозғап, бұл бойынша 16 адамды ұстады. Олардың бесеуі әртүрлі мерзімге сотталды.

XS
SM
MD
LG