Ссылки доступа

Түркіменстанда зейнетақы алу үшін бірнеше күн бұрын кезекте тұрады


Түркіменстанның Түркменабад қаласында зейнет жасындағы адамдар зейнетақысын алу үшін банкомат алдында бірнеше күн бұрын кезекке тұрады. Осылай деп Азаттықтың түркімен қызметі хабарлайды.

«Осы айда зейнеткерлер карталарына ақша түспесе де, банкомат алдында кезекке тұрып жатыр. Олар ақша жетпей қалады деп қорқады. Бүгінде "Түркменбашы" банкінің алдында кезекте тұрғандары саны 2 мың адамға жетті», - деп хабарлайды тілші.

Түркіменстанда әдетте зейнетақы әр айдың 1-5 күндерінде беріледі.

«Екі айға жуықтады, банкоматқа салынған ақша бәріне бірдей жетпейді. Кезекте бірнеше жүз адам болды. Адамдар ақша болып қала ма деп, бірнеше күн бойы банкомат жанын торуылдап жүреді», - дейді тілші.

Түркіменстан Орталық банктің мәліметі бойынша, жаңа жылдан бері 3 миллион банк картасы шығарылып, 2200 банкомат орнатылған. Бірақ көбінде ақша жоқ.

Ал банк қызметкерлері осыны пайдаланып, ақшаны шешіп алу қызметін ұсынады екен. Ол үшін алынған соманың 25 процентін беруді талап етеді екен.

19 тамызда Түркіменстан президенті қолма-қол ақша жетіспеушілігін шенеуніктерден көрді.

XS
SM
MD
LG