Ссылки доступа

100 мың доллар пара алды деп сотталған қырғыздың экс-шенеунігі жалпы қоныстану мекемесіне ауыстырылды


Қырғызстан бас прокуратурасы Тергеу басқармасының бұрынғы басшысы, қамаудағы Кылычбек Арпачиев жалпы қоныстану мекемесіне ауыстырылды. Бұл туралы Жазаны атқару мемлекеттік қызметінің баспасөз хатшысы Элеонора Сабатарова хабарлады.

Оның сөзінше, Арпачиевтің ісі жаңа қабылданған кодекстерге сәйкес қайта қаралып, жаза мерзімі қысқарған. Жазаның үштен бірін өтегендіктен, сот оны жалпы қоныстану мекемесіне жіберу туралы шешім шығарған.

Кылычбек Арпачиев 2015 жылы Жогорку Кеңештің бұрынғы депутаты Карганбек Самаковтың ісін жабу үшін 100 мың доллар көлемінде пара алды деп айыпталып, 14 жылға сотталған.

XS
SM
MD
LG